52859 әскери бөлімінде қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыс айлығының ашылуы өтті

52859 әскери бөлімінде қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыс айлығының ашылуы өтті

2022 жылғы 22 сәуірде ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған жаппай қорғаныс және және әскери-патриоттық жұмыс айлығының ашылуы өтті.

Жаппай қорғаныс және әскери-патриоттық жұмыс айлығының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, Отан қорғау ісіне қосқан үлесі үшін соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуді дарыту.

Іс-шараға 52859 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Омаров Жанат Булатович, сарбаздар аналары комитетінің төрағасы Фатеева Марья Дмитриевна, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №4 мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанова Ақшабақ Төлепбергенқызы, «Жас сарбаз» сынып тәрбиешісі Бекмағанбетов Бауыржан Сұлтанұлы, «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары және 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Іс-шара барысында №4 мектеп-интернатының «Жас сарбаз» сынып оқушыларына арнайы әскери киім үлгісі табысталды.

 


ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі