2022 жылғы 27 сәуірде жыл сайынғы «Ұлттық ағаш отырғызу күні» қоғамдық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Президент саябағы аумағында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аллеясы» салынды. Жалпы аязға төзімді сакураның 15 көшеті отырғызылды. Елді ауқымды көгалдандыру қажеттілігі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілді.
Шараны «Тұрақты даму» жер қоры қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Министрлік басшылығы мен қызметкерлері өз ағаштарын отырғызды.
«Аллеяны салу жөніндегі іс - шара еліміздің қоршаған ортасын көгалдандыру мен экологиялық салауаттылықты жақсартуға үлес қосады деп есептейміз», - деп атап өтті министр.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі