Қазавиақұтқару ұшқыштары мен өрт сөндірушілердің бөлімшелері өрт сөндіруге әзірлігін пысықтады

Қазавиақұтқару ұшқыштары мен өрт сөндірушілердің бөлімшелері өрт сөндіруге әзірлігін пысықтады

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті және 450-ден астам шөптің жануына және орман аймағында 14 жану оқиғасына шықты.

Глубокое ауданының аумағында оқу-жаттығу ұшулары аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары мен «Қазавиақұтқару» ұшқыштары және «Қазавиаорманқорғау» РМК қызметкерлері өрт сөндіру техникасын пысықтады.

Аңыз бойынша өрт демалушылардың сөндірілмеген алауынан шыққан. Ыстық ауа-райы, қатты жел оттың тез таралуына әкелді. Орман шаруашылығының жұмысшылары түтінді анықтады. Көрсетілген координаталар бойынша барлау үшін МИ-171 патрульдік тікұшағының борты жедел ұшып шықты. Өрт расталды. Өрт сөндіруге кіріскен орманшылық күштері мен құралдары оқиға орнына шықты. Сонымен қатар тікұшақ су құйылған ыдысты жеткізіп, оны жану ошағына таратады. Өрт шебі бойынша жалын тікұшақтан су ағызу құрылғысын пайдалана отырып сөндіріледі, сондай-ақ сөндіру үшін борттан «Қазавиаорманқорғау» РМК қызметкерлері жіберілді. Бірлескен күшпен 100  га алаңдағы өрт жойылды.

«Құтқарушылар мен орманшылар үшін өрт қауіпті кезең басталды. Табиғатта демалып жатқан адамдар от жағып, темекі тұқылдарын лақтырады, саяжайларда шөптің күйіп кетуіне жол береді. Синоптиктер жазда ауа райының құрғақ болатынын болжайды, сондықтан барлық күштер мен құралдар табиғи өрттерді сөндіруге жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ғана өрттер мен олардан келетін залалды болдырмауға көмектесетінін еске салады. Табиғатқа, орманға шыққанда отпен абай болыңыз. Отты байқаған жағдайда дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі