Алматы тауларындағы өрттерді дронның көмегімен бақылайтын болады

Алматы тауларындағы өрттерді дронның көмегімен бақылайтын болады

Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде қала тұрғындарына тау мен таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті. Оның айтуынша, бүгінде қалада құрғақ шөптің жануының 48 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Бас құтқарушының ескертуі ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын от, барбекю жағатын қала сыртындағы демалысты  ұнататын адамдарға қатысты айтылды. Самат Асаинов өрттің басталуы туралы ескертті, өрт көбінесе адам факторымен байланысты екенін айтты. Спикер құтқарушылар тәртіп бұзушыларды қатаң түрде тоқтататынын, ал жағылған алауды анықтауға дрон көмектесетінін, оның көмегімен жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізе бастағанын хабарлады. Бұдан басқа ТЖД өртке жол бермеу туралы ескертетін тепловизорлар мен дауыс зорайтқыштарды қолданады. «Осы маусымда біз жалпы ауданы 2,5 га жердегі құрғақ өсімдіктердің жануының 48 жағдайын тіркедік. Жану Алатау, Медеу, Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумақтарында жиі орын алады», - деп хабарлады С.Асаинов. Өрттерді болдырмау үшін құрғақ шөпті жырту және минералданған жолақтарды жасау жүргізіледі. ТЖД қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, осы жұмысты жүргізу қажет учаскелерді анықтайды. «Департаментте табиғи өрттерді сөндіру бойынша шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы құрылды, оған 13 адам кірді, өтімділігі жоғары техниканың екі бірлігі жұмылдырылды, қызметкерлер аспалы өрт сөндіргіштерді пайдаланады. Осындай сын-қатерлердің барлығы жоғары қауіп дәрежесіне ие», - деп хабарлады Алматы ТЖД бастығының орынбасары. Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің авиациялық бөлімшелері, «Қазавиақұтқару» АҚ және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК жауынгерлік әзірлікте тұр.

Демалысқа шыққанда белгіленбеген орындарда темекі шегуге және жанып жатқан сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға қатаң тыйым салынғанын, таулы-орманды жерлерде май немесе бензин, керосин және өзге де жанғыш заттар сіңген сүрту материалдарын қалдыруға болмайтынын есте сақтау маңызды. Күн сәулесімен түсіп тұрған орман алқабында бөтелкелер, шыны сынықтар мен басқа да қоқыстарды қалдыруға болмайды.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі