Петропавлда 22 және 23 сәуірде қазақ күресі бойынша ІІМ Республикалық спартакиадасына өңірлердің полиция департаменттерінің 18 құрама командасы, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесінің 8 командасы қатысты. Екі күндік спартакиадаға 150-ден астам балуан қатысты. Тартысты күрес 66-дан 100 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрама командасынан М.Ғабдулин атындағы Қазақстан Республикасы ТЖМ азаматтық қорғау академияларының курсанттары мен оқытушылары Әділхан Сабыр, Нұрсұлтан Найманғазиев, Қайыр Жеңіс, Рустам Зынданұлы және Алик Шоқыбаев қатысты. Сондай-ақ, команда құрамына СҚО ТЖ департаментінің 3 қызметкері Райымбек Асқаров, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 16 - ӨСБ қарауыл бастығы, Саян Ғалымжанов және Қанат Өмірзақов – «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құтқарушылары кірді.
Сайыс соңында 66 келі салмақ дәрежесінде ҚР ТЖМ азаматтық қорғау органдары академияларының 1 курс курсанты Нұрсұлтан Найманғазиев қола жүлдеге ие болды. 74 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы 16-ӨСБ қарауыл бастығы Райымбек Асқаров иеленді. Рустам Зынданұлы 100 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алды. «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚБ құтқарушылары Саян Ғалымжанов пен Қанат Өмірзақов 100 кг және одан жоғары салмақ дәрежесінде 4 орын алды.
Сайыс қорытындысы бойынша қазақ күресінен ҚР ІІМ республикалық спартакиадасының қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Спартакиаданың соңында жабылу салтанаты өтті. Чемпиондар «Динамо Барысы» белдіктерімен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
СҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасы