Құтқарушылар туристердің үйлеріне оралуына көмектесті

Құтқарушылар туристердің үйлеріне оралуына көмектесті

24 сәуірде сағат 7: 38-де ҚР ТЖМ РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне , екі турист таудағы ауа райы жағдайына байланысты, қатты жаңбыр жауып, Фурманов шыңы маңынан өз күштерімен түсе алмай жатқандығы туралы хабарлама түсті. 6 адамнан тұратын жедел топ және бір кинологиялық есеп тауға шықты. 8 сағат 22 минутта құтқарушылар Кимасар шатқалына келіп, жаяу жүріп зардап шеккендерге жетті. Туристерге жеткенде, РЖҚЖ қызметкерлері оларға жылы киім, жауын өткізбейтін шекпен  беріп, қаладағы қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Екі адам құтқарылды, 1975 ж. т. әйел және 2004 жылы туған ер адам құтқарылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еске салады: таудағы ауа райы өте құбылмалы, әсіресе көктемгі кезеңде. Жаңбыр, қар күрт түсуі мүмкін, таулардағы температура әр 100 м сайын 0,5-1 градусқа төмендейді. Туристерде міндетті түрде қосалқы киім жиынтығы, пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер болуы тиіс.

 

РЖҚЖ баспасөз қызметі