ТЖМ кадр саясаты департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді

ТЖМ кадр саясаты департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді

2022 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Жанайдар Рамазанов пен ТЖМ Кадр саясаты департаментінің Жеке құрам бойынша инспекция басқармасының бастығы Серік Дүйсембековтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Серік Дүйсембеков өз сөзінде ТЖМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылатынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. Осылайша, бүгінгі күні барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер анықталды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезең-кезеңімен жүргізіледі, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда, ағымдағы жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама бекітілді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына бекіту.

Өз кезегінде Жанайдар Рамазанов сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын жоюға, қаржылық бақылау шараларын жетілдіруге, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық бақылауды кеңейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға, бюджет қаражатын басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.

 

    Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі