
2022 жылғы 22 сәуірде Министрдің тапсырмасы бойынша Вице-министр полковник Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіковтың басшылығымен Алматы қаласы мен Алматы облысында жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша командалық-штабтық жаттығу өткізілді.
Бұл жаттығудың мақсаты жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі Төтенше жағдайлар министрлігінің іс-қимыл жоспарын пысықтау болып табылады.
Сағат 9.00-де дағдарыс жағдайында басқару орталығының жедел кезекшісі аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттеріне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі туралы шартты кіріспе жіберді.
Шартты кіріспеге сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласында, шамамен 20 км тереңдікте болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық департаменттермен жаттығу барысында жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі Төтенше жағдайлар министрлігінің іс-қимыл жоспарына сәйкес жер сілкінісінің салдарын жоюға тартылатын жеке құрам мен техниканың саны, маршруттары мен жеткізу тәсілдері пысықталды.
Төтенше жағдайларды жою департаменті