ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі мерекелік концертке қатысты

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі мерекелік концертке қатысты

2022 жылғы 20 сәуірде  «Шалқыма» концерттік залында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі 1 мамыр-Қазақстан халықтар бірлігі күні аясында ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне арнап мерекелік концерт қойды.

Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Көңілді көтеретін ұлттық нақыштағы билер, ұлттық және заманауи әндер орындалды. Татулық пен бірлікті ұлықтайтын мерекенің құрметіне ұйымдастырылған шара сарбазбардың көңілін сергітіп, керемет әсер қалдырды. 

Біздің әскери қызметшілер өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, зор қошемет көрсетіп, ду қол шапалақтарын аямады.

52859 әскери бөлімі тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Утеуов Жасұлан Ерланұлы аталмыш іс-шараның соңында Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұжымына алғысын айтып, әскери бөлім командирі атынан алғыс хат табыстады.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі