
Өскеменде Балалар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары «№29 қосымша білім беру орталығының мектебі» КММ «Жас құтқарушы» орталығының оқытушыларымен бірлесіп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырды.
Департаменттің спорт кешені базасында балалар құтқару көпсайысында жарысты.
Біріншілікте 13 команда, жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып тәрбиеленушілері, барлығы 160 адам жарысқа түсті. Өз командаларын қолдауға сынып жетекшілері, АӘД және дене шынықтыру оқытушылары, ата-аналар келді.
Алдымен жас құтқарушылар альпинизм элементтері және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сынақ тапсырды. Содан кейін командалар өрт эстафетасының кезеңдерін өтті, онда жеделдік, іс қимылдардың дұрыстығы мен зардап шегушіні тасымалдау, медициналық дайындықтағы дағдыларды көрсету қажет болды. Жас спортшылар өз бойымен жұмыс істей отырып, қиын маршруттар мен төтенше жағдайларды еңсеру деңгейін арттырата білетінің дәлелдеді. Кезеңдерді өту сапасы мен дұрыстығын кәсіби мамандар - ШҚО ТЖД қызметкерлері, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және "Жас құтқарушы"орталығының педагогтары бағалады.
Қиын күрес нәтижесінде мектеп командалары арасындағы орындар келесідей бөлінді 1 орын - № 29 мектеп командасы, 2 орын - № 16 мектеп командасы алды, 3 орын - №26 мектептің командасы.
ШҚО ТЖ департаментімен және «№29 БҚОӘО» КММ «Жас құтқарушы» орталығымен қала мектептерінің командалары өткен сайыстағы жоғары көрсеткіштері үшін сертификаттармен және грамоталармен марапатталды. Оқушылардың айтуынша, олар жарысты асыға күтіп, дайындалған.ШҚО ТЖД кәсіби құтқарушыларының «Жас құтқарушы» орталығындағы сабақтары мен мастер-класстары ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлесін қосты.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі