Жылыой ауданында елді мекенді су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Жылыой ауданында елді мекенді су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

21 сәуір күні сағат 06.57-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының 7 ауылында Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 ауланы су басты. Бұл үйлердің ауласындағы су деңгейі 15-20 см.

Эвакуацияланған тұрғындар 4 үйден 10 адам (оның ішінде 4 бала) туыстарына орналастырылды.

Ең қауіпті учаскедегі 7 ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жем өзенінде «Бақашы» шлюзі орнатылған, ол суды Құрсай каналына реттейді. «Бакашы» шлюзінен 600 метр қашықтықта пайдаланылмаған ескі шлюз болған, ол кейіннен демонтажданып, қорғаныс бөгетімен нығайтылды. Кейіннен Құлсары қаласына келетін су ескі шлюз орнында бөгеттің бұзылуынан пайда болды.

Қазіргі уақытта бұзылу орнында инертті материалдармен және қаптармен нығайтылған темірбетон плитасы орнатылған. Су деңгейі 2 метрге төмендеді, жағдайды ЖАО және ТЖД қызметкерлері толық бақылауда.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (25 қызметкер және 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (30 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (20 қызметкер және 6 бірлік техника), «Казкомсервис» ЖШС (9 қызметкер және 9 бірлік техника), «Жылыой- Су» ЖШС (3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Газ» ЖШС (3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Мұнай-Газ» ЖШС (2 қызметкер және 2 бірлік техника).

 

 

Атырау облысы ТЖД

         Қоғаммен байланыс тобы