Биыл Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осыған орай 20 сәуірде елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевтың балалармен кездесуі өтті.
Кездесуге қалалық №36 «Балапан» балабақшасының және «SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Балаларға № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында өрт сөндіру техникаларының және құтқарушылардың күнделікті жұмысының көрсетілімін, сонымен қатар Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына экскурсия жасалды.
Аталмыш іс-шараларды Департаментте өткізудің маңызы зор. Себебі бұл балаларға құтқарушы сияқты абыройлы мамандығымыздың қыр сырын көрсетумен қатар, балалардың өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары түсіндіріп, көрсететін бірден бір шара болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі