
Көкшетаулық оқушылар Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевпен кездесу кезінде өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығында кездесетін қиындықтарға тап болды.
Іс-шара барысында балалар өрт сөндірушілердің қанша минут ішінде жабдықталатынын, телефоннан басқа, қоңыраулардың қалай түсетінін, өрт сөндірушілерді қалай шақыруға болатынын білді. ТЖД бастығымен бірге балалар техниканың, сондай-ақ, жеке құрамның төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.
«Құтқарушылар бірінші сигнал бойынша лезде көмек қажет жерге асығады. Біздің міндетіміз – оны уақытында көрсетіп қана қоймай, апаттың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Оқушылармен кездесу Еліміздің Президенті жариялаған балалар жылына орай ұйымдастырылды. Біз балалардың өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысымен танысқанын және бәлкім болашақта осы игі кәсіпті таңдағанын қалаймыз», – деп бөлісті Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
Сонымен қатар, ТЖД бастығы облыс оқушылары кез келген уақытта өз елді мекенінің өрт сөндіру бөліміне экскурсиямен бара алатынын айтты. Ол үшін мектеп мұғалімдері экскурсия өткізу бойынша өтініш берулері керек.
«Өрт сөндіруші мамандығы қауіпті ғана емес, өте ауыр мамандықтардың бірі. Бүгін біз өрт сөндірушілерге 50 килограммдық қорғаныс костюмдері мен құтқару құралдарын кию керектігін білдік, және оларды бірнеше секунд ішінде кию қажет. Және де біз ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевпен таныстық, облыстың бас құтқарушысының күн тәртібін және олардың қызметінің алдында қандай күрделі міндеттер тұрғанын білдік. Мен құтқарушының батыл мамандық иелері екендігін түсіндім», – деді Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Жанар Алпыспаева.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі