Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары қызметке тағайындалды

Азаматтық қорғау майоры Бекбергенов Жақсылық Жарылқасынұлы Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Мақсат Амантайұлы Қосыбаев оны жеке құрамға таныстырды.

Азаматтық қорғау майоры Жақсылық Жарылқасынұлы Бекбергенов 1991 жылғы 24 шілдеде Жамбыл облысының Талас ауданында  дүниеге келген. 2009-2013 жылдар аралығында  ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» - әскери істер және қауіпсіздік бакалавры бойынша аяқтаған. Ал  2013-2014 жылдары Жаңатас қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымында алғашқы еңбек жолын бастаған. 2014-2017 жылдар аралығында Тараз қаласы №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде (қазіргі №2 МӨСБ) аға инженер лауазымында қызмет атқарған. Сонымен қатар 2017-2019 жылдар аралығында Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, 2019-2020 жылдар аралығында Тараз қаласы №2 МӨСБ бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Ол қызмет атқару барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, басшылық тарапынан бірнеше рет марапатталған.Үйленген, үш  бала тәрбиелеп отыр.

 

Жамбыл облысы ТЖД  ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі

Қоғаммен байланыс тобы