
17 сәуір күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың басшылығымен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Асқат Ержанов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барып, бұған дейін жарияланған төтенше жағдай режимінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар алдымен Ойыл өзенінің бойымен Ақтөбе облысының аумағындағы «Тамдыкөл» су торабына барып, су деңгейін көрді.
Содан соң тасқын су қауіп төндірген Миялы ауылына барып, облыстық маңызы бар «Миялы – Қарабау - Индер» тасжолының жырылған жеріне барып жағдаймен танысты.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы