Алматы қаласы ТЖ департаментінің басшылығы ТЖ органдары ардагерлер кеңесінің қолдауымен өз өмірінің көп бөлігін осы игі мамандыққа арнаған ардагерлердің өрт сөндіру бөлімдеріне баруын ұйымдастырды.
Ли Александр Михайлович, Якупов Иляс Хисмятович бастаған ардагерлер мегаполистің Медеу, Түрксіб, Алатау аудандарының өрт сөндіру бөлімдерін аралады.
Ардагерлер Медеу ауданы Қонаев көшесіндегі 5-МСБ-де болды. Оларды Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдар Скабаев қарсы алды. Ардагерлер осы қабырғаларда қаланың өрт күзетінің қызметіне қатысты маңызды шешімдердің қалай қабылданғандығы туралы естеліктерімен бөлісті.
Әрі қарай қонақтар «Сүйінбайдағы өрт сөндіруші» деп аталатын 4-МСБ-ға барып, онда бөлім аумағында орналасқан өрт мұнарасының фонында суретке түсті. Ардагерлер сарбаздарға өрт депосының қақпасы 1976 жылы Алматы жол техникасы зауытында арнайы тапсырыспен жасалғанын айтты.
Бұл өрт сөндіру бөлімдері 1930-1940 жылдары салынған және қаланың тарихи-сәулеттік келбетін толықтырады.
Сонымен қатар 11 Өрт сөндіру бөлімінде болды. Онда 1989 жылғы мамырда Алматы т/ж кіреберіс жолдарындағы өртті сөндіру кезінде сұйылтылған газы бар цистернаның жарылысы нәтижесінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алуға стелла салынған.
Алатау ауданының Саялы шағын аудандағы 19 - МСБ бастығы қонақтарды қарсы алып, жаңа өрт сөндіру бөлімі Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылғанын және Алатау ауданының индустриялық аймағын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететінін айтты.
Ардагерлер өрт сөндіру бөлімдерінің ұжымдарын «Наурыз» мерекесімен құттықтап, жеке құраммен сөйлесті.
Бүгінгі өрт сөндірушілердің жауынгерлік дайындығы мен шеберлігіне көз жеткізе алды, олар бір күн бұрын ант беру салтанатты рәсіміне қатысып, жас мамандардың өрт техникасының және спортшылардың көрсетілімдерін тамашалады.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі