ТЖМ қызметкерлері жалпы қалалық көктемгі сенбілікке қатысты

ТЖМ қызметкерлері жалпы қалалық көктемгі сенбілікке қатысты

Birge - taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында 16 сәуірде ТЖМ қызметкерлері Ботаникалық саябақта өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

ТЖМ қызметкерлері Ботаникалық саябақтың аумағын тұрмыстық қалдықтардан, былтырғы жапырақтардан және басқа да қоқыстардан тазартты. Сенбілікке қатысушылар тәртіп орнатып, қаланың жай-күйі мен сыртқы келбетін жақсартуға елеулі үлес қосты.

Осылайша қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына өз үлестерін қосты.

Елорда тұрғындары қатарынан еріктілер, сондай-ақ біздің қызметкерлермен бірге сенбілікке қатысқан балалар да көп болды.

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті