
Өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында және жазғы өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын алу шеңберінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде адамдар көп жиналатын орындарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Солардың бірі «ГиперХаус» сауда орталығында өтті. Рейдтік профилактикалық іс-шараға Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау, тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қарапайым іс-қимыл ережелерін еске салу.
ТЖ мамандары қызметкерлер мен келушілерге адамдар көп жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, сауда орталықтарындағы өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін, мұндай жағдайларда адамдарды қалай эвакуациялау керектігін түсіндірді.
Іс-шараны өткізу барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салатын жадынамаларды беріп қана қоймай, сонымен қатар пакеттерге ТЖ департаментінің ютуб каналына бірден кіруге мүмкіндік беретін Q-коды бар парақшаларды жапсырды. Департаменттің ютуб каналында ТЖ қызметкерлерінің қызметі туралы, құтқару операциялары туралы бейнероликтер, оқыту бейнероликтері орналастырылған. Аталмыш ақпараттарды мектептерде, объектілерде оқыту сабақтарын өткізу кезінде пайдалануға болады.
Жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталуымен қала аумағындағы барлық сауда орталықтарында осындай профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы