Павлодар облысындағы бау-бақша учаскелерінде өрттердің алдын алу және оларды жою туралы

Павлодар облысындағы бау-бақша учаскелерінде өрттердің алдын алу және оларды жою туралы

2022 жылғы 18 сәуірде Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов пен Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай облыс аумағындағы бау-бақша учаскелеріндегі өрттер туралы баспасөз конференциясында сөз сөйледі.

Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Павлодар облысының аумағында саяжай кооперативтерінде құрғақ шөптердің өрттері басталды. Азаматтық қорғау органдарының, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен өткізілген рейдтік іс-шараларға қарамастан, Павлодар қаласында бау-бақшаларда өрті өршіп тұр.

Қайрат Шаймарденов облыс аумағында барлығы 29 бау-бақша бар екенін айтты. Оның ішінде Павлодар қаласында - 19, Екібастұз қаласында - 7, Ақсу қаласында-4. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері саяжай алқаптарының аумағында барлығы 8 өрт фактісі және 20 жану жағдайы орын алды. Бау-бақшаларда болған өрттің нәтижесінде 478 саяжай жойылды, оның 177-сі жұмыс істейтін учаскелер. Өрттің жалпы ауданы 180 гектардан асты.

Жоғарыда көрсетілген өрттердің негізгі себептеріне желді ауа райында халықтың отты абайсыз пайдалануы, жер пайдаланушылардың өздері бақыламайтын құрғақ шөп пен қоқыстарды жағу  болып табылады.        

Саяжайлардағы өртті күрделіге жатқызуға болады. Себебі, өрт бірден желмен таралып, жан-жақтан ошақтар пайда болады, үйлердің ағаш конструкциялары, түрлі жанғыш материалдар жанады. Біздің бөлімшелеріміз үшін өртті сөндірудегі негізгі қиындықтар- судың болмауы және көктемгі кезеңде суды жеткізбеу қиындатады. Тек, 15 сәуірде 13 көшеде 327 учаске өртенді, олардың 94-і жұмыс істеп тұр деп атап өтті Қайрат Шаймарденов. 

Қауіпсіздік мақсатында Департаментпен 42 мобильді топ ұйымдастырылды, 90-ға жуық рейдтік іс-шара өткізілді және 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сергей Огай бау-бақша аумақтарында от жағуға тыйым салынғанын айтты. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жағуды өрт қауіпсіздігі ережелерінің нормалары сақталған кезде жол беріледі. Бұл құрғақ ағаштар мен қоқыстарды арнайы контейнерлерде және желсіз ауа-райында жағу. 

        

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі