Қызылқоға ауданында елді мекенді су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Қызылқоға ауданында елді мекенді су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Қызылқоға ауданы бойынша ағып жатқан Ойыл өзені бойынша Ақтөбе облысынан үлкен су ағынына байланысты күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасты, Миялы селосын су басу қаупі болды.

Мәселен 13 сәуірде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері аудандық су тасқынына қарсы штаб құрды. Сондай-ақ ЖАО, Атырау облысы ТЖД қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 2,5 метр жер үйінділерін тұрғызу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізді, 3,500 тонна инертті материал пайдаланылды, сондай-ақ 2800 қап төселді және тұрғын үйлерді жеке аралау ұйымдастырылды.

Мотопомпалардың, сондай-ақ Атырау облысы ТЖД арнайы техникасының көмегімен 10650 текше метр су сорып шығарылды.

14 сәуірде Қызылқоға ауданының әкімі Н.О. Бисенбиев және Департамент бастығының орынбасары полковник А.А. Ержанов Ақтөбе облысына дейін Ойыл өзенінің жоғарғы жағындағы резеңке қайықтың көмегімен Ойыл өзеніне ылғал қорының бар-жоғына тексеру жүргізді. Зерттеу нәтижесінде ылғал қорының үлкен көлемі бар екені анықталды, яғни Ойыл өзені арнадан шығып, таяудағы жайылманы су басты. Елді мекеннің жанында судың көп түсуіне байланысты жол төсемін ашу туралы шешім қабылданды. Жол төсемін ашқаннан кейін су деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Жолды ашқаннан кейін 6 ауылдық округ қалды, олар бүгінгі күні аудан орталығынан ажыратылған, бірақ соған қарамастан Индер ауданымен байланыс бар, яғни өмір сүру жағдайлары бұзылмаған, азық-түлік жеткізу, медициналық көмекке көрші ауданға жүгінуге болады.

Аудан орталығына жету қажеттілігі бар жергілікті тұрғындарды өткізуді жүзеге асыратын аспалы моторы бар резеңке қайықтың 1 бірлігі қойылды. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау ұйымдастырылды.

Жайылмаға шығатын су Миялы селосын айналып өтіп, Жарыпшыққан өзеніне қосылып, Тайсоған ауылына дейін ағады. Бүгінгі таңда су 1,5 м-ге төмендеді, жағдай тұрақты. Миялы ауылындағы тұрғын үйлерді су басу тіркелген жоқ, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Жергілікті атқарушы органдардың 30 адамы, 270 жергілікті тұрғын, 10 бірлік техника, 21 бірлік мотопомпа, сондай-ақ 14 қызметкер, 3 бірлік техника, 1 мотопомпа, 1 бірлік Атырау облысы ТЖД резеңке моторлы қайығы, 10 қызметкер және 4 бірлік РОП техникасы жұмылдырылған.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы