
Бүгін, 15 сәуірде Щучинск қаласында ҚазКСР ІІМ өрт күзетінің еңбек сіңірген қызметкері Нұрпейіс Ақпаровқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейрамбек Ысқақов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Кадр саясаты департаментінің бастығы Шахмардан Әзірбаев, Ақмола облысы ТЖД ардагерлері мен бастығы Нұрлан Атығаев, Нұрпейіс Ақпаровтың балалары мен туыстары қатысты.
Нұрпейіс Ақпаров 1992 жылдың тамыз айынан бастап Көкшетау ауданы таратылғанға дейін «Қазақ тілі» аудандық қоғамының төрағасы болып жұмыс істеді. 1993-1997 жылдары - Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. 1997 жылдан бастап – Көкшетау облыстық Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі. 1998 жылдан бастап - Көкшетау қалалық өрт күзеті ардагерлер кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасының өрт күзетінде 35 жылдан астам жұмыс істеді.
Өзінің еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін полковник Н.А. Ақпаров көптеген мемлекеттік, ведомстволық наградалармен марапатталды. Үлгілі қызметі үшін Нұрпейіс Ақпаров Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ КСР ІІМ өрт күзетінің үздік қызметкері» құрмет белгісімен марапатталған. Сондай-ақ 1,2,3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Кеңес милициясына 50 жыл» медальдарымен, КСРО ІІМ, Қазақ КСР ІІМ және облыстардың ІІБ құрмет грамоталарымен марапатталған.
Полковник өмірінің соңғы күндеріне дейін кітаптармен жұмыс істеді, өрт сөндірушілердің жас буынымен кездесіп, өрт сөндіруші-құтқарушының айбынды мамандығы туралы айтатын. 2019 жылы өкінішке орай ұзақ аурудан кейін қайтыс болды.
Айта кету керек, Нұрпейіс Ақпаров мектеп құрылысына, сондай-ақ өзінің туған ауылында мешіт салуға және ашуға бастамашы болды. Өз кітаптарында ол адамның қалыптасуы үшін адамгершілік және моральдық қағидаларды басты орынға қойып, бұл оның 70-80 жылдық мерейтойына арнап жазылған кітаптарында: «Тілсіз жаумен күресте», «Аманат» баяндаған.
Қызы Рәзия Ақпарова биыл олардың отбасы ҚР Азаматтық қорғау академиясының үздік курсантына стипендия тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі