
Бүгін Қызылорда қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қазбек Төреманов, Арман Төлеубаев, Арғын Әшірбековті еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыстар өткізілуде.
Жарыс қаза тапқан әріптестерін еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев өз сөзінде бейбіт ел батырларының есімдері әрдайым есте қалатынын атап өтті.
Сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Арғын Әшірбековтің әкесі, полиция қызметінің ардагері Қазбек Әшірбеков, облыстық ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұсаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа өңірдің 16 командасынан 112 спортшы мен жасөспірім қатысты. Бүгінгі жарыс бағдарламасына мыналар енгізілді: оқу мұнарасының 4-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу (қызметкерлер үшін); жылжымалы үш иінді сатыны орнату және сатымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу (жасөспірімдер үшін).
Аталған іс-шараның кезекті кезеңдері мен жабылу рәсімі ертеңге жоспарланған.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі