«Молодежный» шыңы аумағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша ақпарат

«Молодежный» шыңы аумағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша ақпарат

13 сәуірде сағат 13 сағат 28 минутта Алматы қаласы «109» құтқару қызметінің жедел кезекшісінен «Молодежный» мұздығының ауданында Кіші Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні түскені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша көшкін астында 2 адам қалды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 35 адам, атап айтқанда ҚР ТЖМ Республикалық  құтқару жасағы, 109 құтқару қызметі, Қазселденқорғау», Апаттық медицина орталағы қызметкерлері, сондай ақ  Алматы ТЖД 10 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, 1 Құтқару қызметінің тікұшағы, 1 дрон жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары теңіз деңгейінен 3500 метр биіктіктегі биік тау жағдайында жүргізілді, ауа райы жағдайлары әуе бортының қысқа мерзімде шұғыл ұшуына ықпал етті.

Сағат 15:25-те қар массасынан бір зардап шеккен адамды  құтқарғаны туралы ақпарат келіп түсті, алдын-ала ақпаратқа сәйкес иығы шығып кеткен.

Оқиға орнынан ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібеков 6 адам тау  беткейлерінде сырғанап, жалпы көлемі 150-190 мың текше метр көшкіннің шығуына себеп болғанын хабарлады, оның ішінде 5 адам - Франция азаматтары және біреуі – Қазақстан азаматы. Бірінші зардап шеккен адамда (Франция азаматы) - иық жарақаты, жамбас жарақаты анықталып. МИ-8 бортында «Медеу» тікұшақ алаңына дейін тасымалданды. Одан кейін ҚР ТЖМ Апаттық медицина орталағы бригадасымен Алматы қаласының №12 ҚКБ-ға жеткізілді. Дәрігерлермен қаралды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

1968 ж.т. Францияның екінші азаматы, IFMGA халықаралық үлгідегі гиді көшкін астында мерт болды –  ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары «Чарли» итімен оны өмір белгілерінсіз тапты.

Қазақстандық гидтің айтуынша, барлық топ экстремалды сырғанауға дайын адамдар болып табылады және 12 сәуірден бастап альпинистік лагерь базасында болды, 13 сәуірде таңғы 6-да тауға шықты.

Еске саламыз, бұған дейін Алматы қаласы ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген. Қала тұрғындары мен қонақтарына sms, Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала хабарлаған болатын.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі