2022 жылғы 13 сәуірде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне туды тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Қостанай қ. 1-МӨСБ плацында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі И.Д. Күлшімбаев туды ТЖД бастығы Б.Т. Кәрімовке табыс етті.
Департаменттің барлық жеке құрамын осы айтулы оқиғамен құттықтай отырып, ол қостанайлық құтқарушылардың бүгінгі ұрпағы өзінің қызметтік борышын абыроймен атқарып жатқанын атап өтті. Оларға берілген ту дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығының символы болсын.
Өз кезегінде Департамент бастығы полковник Б.Т. Кәрімов Департамент ұжымы еліміздің қауіпсіздігін сақтайтын адамдардың лайықты ізбасары болу үшін барлық күш-жігерін, білімі мен іскерлігін жұмсайтынына сендірді. Сондай-ақ барлық ұжымды азаматтық қорғау қызметінің ардагерлері құттықтады. Олар құтқарушыларға өздерінің кәсіби борыштарын адал орындауға батылдық тіледі. Іс-шара бөлімшелердің жеке құрамының салтанатты маршпен өтуімен аяқталды.
Жұмыс сапары барысында И.Д. Күлшімбаев қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің орналасқан жерінде болды, құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарын қарап шықты, олардың алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындығын бағалады. Қызмет өткеру жағдайымен, «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Қостанай гарнизонының жеке құрамымен кездесуде бірінші вице-министр Министрліктің елдегі жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысы, проблемалық мәселелерді, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу туралы айтып берді.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы