Қазақстанның Қызыл жарты айы Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Болат Өтемұратов қорымен және ForteBank бірлескен жобасы аясында Павлодар ауданы Рождественка ауылындағы көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен халықты қолдау үшін «Көмек карталарын» берді.
Жергілікті жерді бағалау және ауланы аралау нәтижелері бойынша Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы Рождественка ауылында 24 отбасына және Тереңкөл ауданының Калиновка ауылында 1 отбасына қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Болат Өтемұратов Қоры халықтың қажеттіліктері бағалағаннан соң, сауалнама жүргізгеннен және құжаттар жинағаннан кейін, зардап шеккендерге төленетін төлем сомасын ұлғайту туралы шешім қабылданды. Биыл үйлері толық немесе ішінара зардап шеккен су басқан аудандардың тұрғындары отбасының әрбір мүшесіне 100 000 теңгеден берілді. Бұл карточкаларды Рождественка ауылының Абай көшесінде тұратын 86 адам алды.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 31 наурызында әлеуметтік желілерде жеке тұрғын үйді су басу туралы бейне пайда болды. ТЖД күштері мен құралдары келгеннен кейін бұл факт Павлодар ауданының Рождественка ауылында Абай көшесіндегі тұрғын үй мен аулаларды еріген қар сумен басуымен расталды. Бүгінгі таңда барлық қауіптер жойылды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі