
2022 жылғы 12 сәуірде ТЖД бастығы полковник Куанар Базарбаевтың төрағалығымен қоршаған ортаны фото - және бейнетіркеуді жүзеге асыруға арналған бейнетіркегіштердің тұсаукесері, сондай-ақ деректерді сақтау және мұрағаттау құрылғысымен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлерді баптау және оқыту өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Бейнетіркегіштерді жеке құрам халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету және жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау кезінде пайдаланатын болады.
Бұл жабдық рұқсатсыз кіруден қорғаудың және навигациялық спутниктік жүйеге қосылудың бірнеше дәрежесіне ие.
Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі