Алматыда комиссия мұнара кранының құлауына қатысты арнайы тергеуді аяқтады

Алматыда комиссия мұнара кранының құлауына қатысты арнайы тергеуді аяқтады

Комиссия 2022 жылғы 23 қаңтарда Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан «Навои 3.0» ТК құрылыс объектісінде орын алған өліммен аяқталған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеуді аяқтады.

Комиссияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі басқарды, оның құрамына түрлі мүдделі тараптардың өкілдері кірді.

Тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу мақсатында Комиссия «ПромДиагностика KZ» МОО ЖШС техникалық сараптамасын тағайындады. Кранның металл конструкцияларының үлгілерін сынау «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС сынақ орталығымен жүргізілді. QTZ 80 мұнара кранының металл бөлшектерін металлографиялық талдау жүргізілді.

Кран элементтерін тексеру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы негізінде, QTZ 80 кранының құлауының ықтимал себебі кранның айналмалы шеңберінің тірегіне баулығын бекіту орнындағы ұзындығы металл конструкциясының жалпы бетінен 30 %-дан астам (құбыр Ø=128х13) құрайтын жасырын жарықшақ болып табылады.

Сондай-ақ, мұнара кранының құлауының нәтижесі кранды пайдалану режимдерінің бұзылуы болды. Краншының жүк көтергіштердің командаларын орындамауы, айналмалы шеңбер секциясына және жүкті жылжыту кезінде кран мұнарасының бөліміне статикалық және динамикалық жүктеменің артуына әкелді.

Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтарын анықтады:

Объектіде жүк көтергіш механизмдерді жарамды күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық қызметкер тағайындалмаған (Қағидалардың 80, 84-тармақтарын бұзу).

Бір инженерлік-техникалық қызметкер екі лауазым бойынша жауапты болып тағайындалған (Қағидалардың 81, 86-тармақтарын бұзу).

Краншы жүк көтерушілердің командаларын орындамады, бұл бұрылыс шеңберінің секциясына және жүк орнын ауыстыру кезінде кран мұнарасының секциясына статикалық және динамикалық жүктеменің ұлғаюына әкелді (Қағидалардың 434-тармағын бұзу).

Металл конструкцияларын, арқанды, кәбілдік өнімдерді және кранның барлық құрастыру бірліктерін тексеру жүргізілетін кранды жыл сайынғы ішінара техникалық куәландыру жүргізу қамтамасыз етілмеген (Қағидалардың 82, 84, 85, 390-тармақтарын бұзу).

Тергеу барысында Комиссия мүшелері жәбірленушінің туыстарымен кездесті, оларға моральдық және материалдық залал төлемі жүргізілді. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтары түсіндірілді.

Қазіргі уақытта материалдар тиісті шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті