28237 әскери бөлімінде оқушылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

28237 әскери бөлімінде оқушылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

2022 жылғы 8 сәуірде ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында Жамбыл ауданы Қыдырбекұлы ауылы Қыдырбеұлы атындағы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есік күні балаларға сарбаздар казармалары, сабақтарға арналған сыныптар және спорт бұрыштары бойынша экскурсия жүргізілді. Бұл оқушыларға сарбаздардың күнделікті өмірі туралы білуге және армияда қызмет етуге дайындыққа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарбаздар мен олардың командирлерінен толық жауап алды. 

Сондай-ақ, балалар үшін арнайы техника, шағын механизация құралдары мен сүңгуір жабдықтары көрмесі ұйымдастырылды. Бөлім бойынша экскурсия барысында оқушыларға құтқару дайындығының элементтері көрсетілді: арқанмен өту тәсілімен су кедергісін еңсеру, кинологиялық қызметінің іздеу иттерімен зардап шеккендерді іздеу. Кейбір элементтерді жігіттердің өздері сынап көрді. 

Әскери қызметшілер қонақтарға әскери амуниция мен арнайы әскери форманың түрлерін көрсетті. Әрбір әскери қызметші оқушыларға отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дарытуға тырысты. Оқушылар әскери бөлім қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі