
6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Қызыл Крест және Жарты Ай қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына арналған қайырымдылық акциясы аясында Облыстық қан құю орталығында қан тапсырды.
«Адамдарды түрлі төтенше жағдайлар туындағанда ғана емес, аурухана төсектерінде де құтқарып қалғанымыз қуантады. Басқаша болуы да мүмкін емес, өйткені адам өмірін қорғау – бұл біздің борышымыз», - деп СҚО ТЖ Департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Марат Сыздықов мекеме қабырғаларына жасаған сапары туралы түсіндірді.
Облыстық Қызыл Жарты Ай комитетінің төрайымы Сәуле Оразова құтқарушыларға алғыс айтып, олардың әрдайым көмекке келетінін, ал бүгінгі акцияның қорытындылары оның бұл сенімін нығайтқанын атап өтті.
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы