
10 сәуірде кешкісін Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Ким-Асар шатқалында ер адам мен әйел жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылардың жедел тобы кинологиялық есеппен бірге тауға туристерді іздеуге шықты. Осы уақытта өтініш берушілермен ұялы байланыс қалпына келді және нақты геолакация мәліметтері алынды.
Іздестіру кезінде кинологиялық есептің иті Эра жоғалған адамдардың орналасқан жерін тауып, бағыттады. Туристер қар көп жауған Бутаков шатқалына қарай бет алған. Итке арнайы жарқыраған қарғы кигізілген. Сол себепті туристер құтқарушылардың оларға көмекке келе жатқанын түсінді. РЖҚЖ қызметкерлері зардап шеккендерге жылы киім беріп, оларды қауіпсіз жерге жеткізді.
Құтқарушылар таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады: баратын жеріңіздегі ауа райын біліп алыңыз, жақындарыңызды қозғалыс бағыты туралы ескертіңіз, телефон қуаттағыш және өзіңізбен бірге паурбанкті алыңыз. Бағыттың бірінші бөлігін таңертең орындаңыз және қараңғы батқанға дейін оралуға тырысыңыз. Егер сізге көмек қажет болса, қоңырау шалыңыз: 112 немесе 8(727) 372-15- 60 ( РЖҚЖ КДҚ).
РЖҚЖ баспасөз қызметі