
2022 жылғы 8 сәуірде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Н.Ионенко, Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Б.Т.Кәрімов бар жұмыс тобы Қостанай облысының аумағын әуеден барлау жұмысын жалғастырды.
Бұл жолы олар Қостанай, Алтынсарин, Қарасу аудандары мен Әулиекөл ауданының шығыс бөлігінде әуе барлауын жүргізді.
Барлау барысында Қостанай қаласының солтүстік бөлігінің, Қостанай ауданының Рыбное а., Свердловка а., Алтынсарин а., Новоселовка а., Қарасу а., Восток а., Қарамырза а., Кошевое а., Целинное а., Октябрьское а., Железнодорожное а., Қарасу а., Көктал а., Харьковка а., Әулиекөл ауданының су тасқыны қаупі бағаланды.
Сонымен қатар Түнтігүр өзенінің бастауынан сағасына дейін толық ұшу жүргізілді. Жер үсті ағындары және Қарамырза ауылы ауданында 2021 жылы су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жүргізілуі бағаланды. Қарамырза ауылына тікұшақтың жоспарлы қонуы жасалды, онда Қарасу ауданының әкімі В. Н.Радченко су тасқыны кезінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.
7-8 сәуірде ұшу нәтижелері бүгінгі күні Қостанай облысында су тасқыны жағдайы тұрақты екенін көрсетті.
Қостанай облысының ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі