
8 сәуірде «Достық» ЖШС мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау объектілерінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тақырыбы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті.
Бұл мұнай базасы автомобиль цистерналарына әртүрлі маркалы бензин мен дизені қабылдауға, сақтауға және жіберуге арналған.
Тактикалық жоспарға сәйкес, №6 болат цистернада жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде дизель отыны бар цистернасынан өрт шығып, өрттің көрші резервуарларға таралу қаупі туындады.
Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Қарағанды қаласының өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары шоғырландырылды, нысанның жеке құрамымен өзара іс-қимыл пысықталды, жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындату ұйымдастырылды, көбік шабуылы жүргізілді, нәтижесінде өртті оқшаулауға және жоюға қол жеткізілді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 5 бірлік техника мен 22 адам қатысты.
Оқу – жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы-жедел кезекшінің орынбасары барлық қатысушылармен нысанның жеке құрамы мен кезекші қарауылдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Әрбір лауазымды адамның іс-әрекеттеріне баға берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі