Су тасқыны жағдайын бағалау үшін Қызылқоға ауданы Миялы ауылының аумағын әуеден барлады

Су тасқыны жағдайын бағалау үшін Қызылқоға ауданы Миялы ауылының аумағын әуеден барлады

2022 жылғы 7 сәуірде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Хафизұлы, сондай-ақ «Казводход», Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» және Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ретінде Қызылқоға ауданының Миялы ауылының аумағын әуеден барлау үшін шықты.

Ұшу Ойыл өзеніндегі судың көп болуына байланысты жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе облысының аумағынан Ойыл өзеніне аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Ұшу аяқталғаннан кейін құрамында ТЖ департаменті және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар жұмыс тобы Қызылқоға ауданының су тасқыны қауіпті учаскелерін және «Ералы» гидроторабының өткізу қабілетін тексерді.

 Бүгінгі таңда гидротораптағы деңгей 270-280 см-ден 2,05 см-ге төмендеді, су басу қаупі анықталған жоқ.

 

Атырау облысы ТЖД

         Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі