Су тасқыны кезінде көмекке келген құтқарушыларға алғыс білдірді

Су тасқыны кезінде көмекке келген құтқарушыларға алғыс білдірді

6 сәуір күні су тасқыны кезеңінде Қобда ауданына көмекке жіберілген ТЖ департаментінің күштері мен құралдары облыс орталығына оралды.

4 сәуір күні Үлкен Қобда өзеніне еріген қар суының жоғары деңгейде келуінен өзен маңындағы үйлерге қауіп төнген болатын. Аудандық ТЖ бөлімі қызметтің күшейтілген режиміне ауысып, облыс орталығынан 20 адам және 5 бірлік техника жіберген болатын.

Басты қауіп төндірген Үлкен Қобда өзенінің батыс бөлігіне ұзындығы 800 м астам, биіктігі 1,5 м болатын бөгет жасалып, қауіптің беті қайтарылды. Айта кету керек, бұл жұмысқа төтеншеліктерден бөлек жергілікті атқарушы органдардың 15 қызметкері мен 6 бірлік техникасы да тартылды.

Су тасқыны кезеңінде тілсіз жаудың қаупін сейілтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Арман Кадыровқа және қызметкерлеріне Қобда ауданы әкімі Болат Ахметұлы Кулов өз ризашылығын Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен білдірді.

Ақтөбе ТЖД баспасөз қызметі