
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зарина Камасова өзінің жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысы ТЖ Департаментінде болды.
Ол техника мен жеке құрамның су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты. Су тасқыны жағдайына жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамның 1524 адамы, 838 бірлік техникасы және 179 мотопомпа жұмылдырылған. ТЖД жеке құрамның 431 адамы, 78 бірлік техникасы, 30 бірлік жүзу құралы және 176 бірлік мотопомпа бар күштері мен құралдарының топтамасы қалыптастырылған. Зардап шеккен халықтың сыйымдылығы 11,9 мың адам болатын 111 уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Зарина Камасова ШҚО ТЖД базасындағы дағдарыс орталығын егжей-тегжейлі қарап шықты. Онда тәулік бойғы режимде өңірдегі жағдайға мониторинг жасау штабы, күштер мен құралдарды басқару орталығы құрылды. Содан кейін Алтай ауданының Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан елді мекендерге барды. Мұнда су тасқыны қаупі бар 12 учаске бар. Депутат сондай-ақ құтқарушыларға көмекке келген ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен Алтай ауданында жүргізілетін алдын алу жұмыстары орнына барып қайтты. Қазіргі уақытта олар өзендердің деңгейіне мониторинг жүргізуге, арықтарды тазалауға және қаптар салуға жұмылдырылған. Депутаттың жұмыс күні Тұрғысын СЭС-ты қарап шығумен аяқталды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі