
2022 жылғы 7 сәуірде Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Н. Ионенконың, Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Б.Т. Кәрімовтың құрамындағы жұмыс тобы су тасқыны жағдайын мониторингілеу мақсатында Қостанай облысының Қостанай қаласы – Қостанай - Әулиекөл - Науырзым аудандары маршруты бойынша аралауды жүзеге асырды.
Көзбен шолып қарау барысында қар жамылғысы Әулиекөл ауданының Мырзакөл (Диевка), Наурызым ауданының Өлеңді ауылдары ауданында сақталғанын, қалған барлық жерлерде Қостанай, Әулиекөл, Наурызым аудандары аумағында қар жамылғысы толығымен дерлік кеткені, бұл ретте еріген судың айтарлықтай қозғалысы байқалмағаны анықталды.
Ұшу барысында тікұшақ Наурызым ауданының Буревестник ауылына жоспарлы түрде қонды. Жұмыс тобы ауыл ішінде орналасқан дамбылардағы еріген қар суының қатерін бағалады. Зерттеу нәтижелері бойынша Наурызым ауданының әкімі Қ.Т. Әбішевке Буревестник ауылында да, жалпы Наурызым ауданы бойынша да белсенді қар еру кезеңінде су тасқыны қаупін азайту және төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ Қостанай облысы Алтынсарин, Наурызым және Әулиекөл ауданының шығыс бөлігін аралау жоспарлануда.
ТЖ алдын алу бөлімі
Қостанай облысының ТЖД