2022 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина мен Вера Ким Павлодар облысына 2022 жылғы 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында су басуға бейім Павлодар ауданының Рождественка және Даниловка ауылдарымен танысу үшін келді.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев депутаттарға картада жергілікті рельефті түсіндіріп, Рождественка және Даниловка елді мекендерінде орын алған жағдайдың себебін, Департаменттің жеке құрамының және жергілікті атқарушы органдардың су тасқынын жою жөніндегі іс-қимылын айтып берді.
«Рождественка және Даниловка ауылдары төменде орналасқан, жоғарғы нүктесі ауылдың оңтүстік бөлігінде, ал төменгі бөлігі солтүстікте. Рождественка ауылының Абай көшесіндегі үйлерді су басу қаупін жою үшін ТЖ департаменті Абай көшесіндегі 53 А және 57 үйлер арасындағы жолды бұзу туралы шешім қабылдады. Бұл іс-шара еріген қар суының оңтүстіктен ауылдың солтүстік бөлігіне кедергісіз өтуіне мүмкіндік берді», - деп атап өтті Жасұлан Жұмашев.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина мен Вера Ким еріген судан зардап шеккен апатты үйлерге барды. Зардап шеккен Баяновтар мен Остапенко отбасыларына «AMANAT» партиясынан материалдық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ депутаттар ТЖ Департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өтті.
Бүгінгі таңда Павлодар ауданында су тасқынынан барлық қауіп-қатерлер жойылды.
Павлодар облысы ТЖД