
Алтай ауданында 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Зубовка кентінің тұрғындарына көмек көрсетуде.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовка кентінде су тасқыны кезеңі іс-шараларын орындау үшін жеке құрамнан 15 адам және 2 бірлік техника жіберілді.
Олар кент көшелеріндегі арықтарды мұз бен қардан тазартты, жергілікті өзен арқылы өтетін көпір астындағы кеңістікті босатты және су тасқыны жағдайын бақылау үшін екі бақылау бекетін ұйымдастырды.
Заречная көшесінде барлығы 25 метр арық жүйесі мұздан тазартылды. Ені 2 метр және тереңдігі 70 сантиметр Грязнушка өзені арқылы өтетін көпірдің астындағы кеңістік босатылды. Лазо көшесі бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінен ұзындығы 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйесін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі