
28237 әскери бөлімінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған психологиялық жұмыс жоспарына сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілерге психолог-бөлімше Бейсембаева Л.А және 2 құтқару батальонының психологы ефрейтор Төлеген А.Е «ФСР-26» тестімен психодиагностикалық зерттеу қабылдады.
Аталған іс-шараның мақсаты әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын дер кезінде сақтау, өзіне-өзі қол жұмсауға тәуелділігін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ психофизиологиялық ресурстарды толықтыру кезінде түзету әңгімелері мен тренингтер өткізіледі. Мұндай психологиялық оңалту әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерді, ішкі қызметтерді, мінез-құлық ерекшеліктерін, өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын-алу кезінде кәсіби-психологиялық жарамдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортамен қарым-қатынастың нейропсихикалық тұрақтылығы және бейімделу, мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, отбасылық құндылықтарды нығайту, жанжалдардың алдын-алуға ықпал ету және ұжымдық достықты бір-біріне көмектесуді арттыру болып табылады.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі