2022 жылғы 7 сәуірде Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильиннің, Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаевтың және Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.С. Қожаниязовтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының маңында орналасқан Ақмола облысының су тасқыны жағдайына аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
Тікұшақпен Қосшы қаласының, Ильинка, Талапкер, Қоянды кенттерінің, 42- разъезд бекетінің, Нұра өзенінің арнасы, лиманды суару жүйесі, Астана контрреттегіші, Астана су қоймасы, Преображенск гидроторабының су тасқыны қаупі бар учаскелері бағыты бойынша ұшып өтілді.
«Жалпы Ақмола облысының 14 ауданында қауіпті аймақта 53 елді мекен бар. Бүгінгі күні облыс бойынша 1 млн. м3 астам қар шығарылды, 3 мыңнан астам су құрылыстары тазартылды, 500 мың м3 астам тасқын су бұрылды. Ақмола облысының аумағында саны 3 мың болатын күштер мен құралдар су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуде. 300 тоннадан астам ЖЖМ дайындалды. Бүгінгі ұшып өту жағдайдың тұрақты екенін көрсетті», - деп Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин атап өткендей, қардың қарқынды еруі байқалады, Астана су қоймасының айналасында барлық дерлік беткейлер ашылып, белсенді ағындар жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ағындар мен есептеулер бойынша судың келуі шамамен 200 метр м/с3. Бұл тәулігіне шамамен 16 млн. құрайды. Әзірге қар қорлары бар. Су қоймаларын толтырмау және жазғы кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының қажеттіліктері үшін суды сақтау бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз. Төгінділерді есептеу арқылы біз температуралық фон мен жағдайға байланысты реттейміз. Преображенск гидроторабында Нұра ағындары бойынша шығыстар әзірге мардымсыз. Қаладан шыққан кезде Есіл өзенінің, қаланың және Талапкер ауданының аумағында жасалған жұмыс болашақта тікелей елді мекендерден Атбасар бағытындағы Талапкер елді мекеніне төнетін су басу қаупін жоюға мүмкіндік береді.
Жалпы, республика бойынша ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының аумағына қосымша күштер мен құралдарды жіберді, өйткені таулы жерлердегі жағдай қардың қарқынды еруіне себеп болуы мүмкін. Бұл Риддер, Алтай таулы өңірлерінде.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жағдай қалпына келуде. Халық үйлеріне қайтып келуде. Сол жерде зардапты бағалау жөніндегі комиссия жұмыс істейді.
Ағымдағы тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі