Алматылық құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Алматылық құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК арасында жасалған «өзара ынтымақтастық туралы» меморандум шеңберінде балаларды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан жүзуге үйрету жүргізіледі.

Оқыту жұмыс күндері «Оқушылар сарайы» МКҚК 7-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кәсіби дайындалған жаттықтырушыларымен жүргізіледі.

Жүзуге үйренушілердің жалпы саны 2000 баланы құрайды, оның ішінде 400 халықтың әлеуметтік осал топтарынан.

Өз кезегінде, жүзуді оқыту барысында Департамент қызметкерлері ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп «Су объектілеріндегі жаппай демалу, Спорт және туризм орындарындағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері», «Суға батушыға алғашқы көмек көрсету» тақырыптары бойынша алдын алу-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

Алматы қаласы ТЖД