
Жәнібек ауданының әкімдігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы аумағындағы су тасқыны салдарын жою бойынша іс-шаралар өткізгені үшін алғыс хатпен марапаттады.
Еске сала кетсек, 2022 жылғы 3 сәуірде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.А. Ержановтың басшылығымен 7 құтқарушы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай кентіне «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін ұшып шыққан болатын.
2022 жылдың 4-5 сәуірде Жақсыбай кентінде құтқарушылар аула аумақтарынан мотопомпамен су сору жұмыстарын жүргізді. Жалпы 470 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар 2 сәуірде жаяу жүргіншілер көпірінің шайылып кетуіне байланысты құтқарушылар аспалы қозғалтқыштары бар резеңке қайықтардың көмегімен каналдың арғы бетінде қалған халыққа азық-түлік жеткізіп, жергілікті халықты тасымалдауды жүзеге асырды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы