52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды

52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды

2022 жылғы 5 наурызда 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы құрамында 2 құтқару тобы және 4 бірлік техника Ақмола облысына келді.  Әскери қызметшілер Жібек Жолы және Қоянды кенттерінде еріген қар суын сору және қаптар төсеу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты 52859 әскери бөлімінің 110 әскери қызметшісі Қарағанды қаласының Сұрыптау станциясы Молдавская көшесі, 53 үйде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге жұмылдырылды. Құтқару тобының күшімен 1700 қап инертті материал толтырылып, жер бөгетінің жарылуын нығайту үшін төселді. Жер бөгеті арқылы еріген судың негізгі ағынын тоқтатуға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта бөгеттің денесін нығайту үшін қаптарды одан әрі төсеу жүргізілуде.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі