СҚО ТЖД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

СҚО ТЖД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

Жақында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Ашамаевтың басшылығымен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдында Президенттің қойған міндеттері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Департаменттің басқармалар мен бөлімдердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшы құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Нариман Қадармаұлы Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде айқындағанын, сондықтан мемлекет пен қоғам осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті. 

Содан кейін сөз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы Светлана Зайцеваға берілді. Светлана Николаевна заңнамалық бастамалардан бастап, Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмысқа дейінгі шаралар кешенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі берік ұстанымын, заңнама нормаларын бұзушыларға ымырасыз ұстанымын, адамдардың санасына осы қауіпті құбылысқа төзбеушілікті енгізуді атап өтті.

Светлана Зайцеваның баяндамасы Қазақстан мен СҚО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйінің толық көрінісін ұсынған слайдтық презентация материалдарымен көрнекі түрде көрсетілді.

Іс-шараны өткізу барысында департамент қызметкерлері Светлана Николаевнаға осындай қоғамдық маңызды тақырып бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып, оларға түсініктемелер алды.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, Нариман Ашамаев құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдыңғы қатарда болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

 

 

СҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасы