
2022 жылғы 3 сәуірде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.А. Ержановтың басшылығымен 7 құтқарушы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай поселкесіне «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағымен ұшып келді. Сондай-ақ ТЖ жою бөлімінің бастығы майор Ж.С. Демешовтың басшылығымен 9 бірлік техника мен 42 адам жеке құрамнан тұратын автоколонна келді.
2022 жылғы 4-5 сәуірде Жақсыбай поселкісінде Департамент бастығының орынбасары полковник А.А.Ержанов басшылығымен құтқарушылар аула аумақтарынан мотопомпамен су сору жұмыстарын жүргізді. 470 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар құтқарушылар аспалы қозғалтқыштары бар резеңке қайықтардың көмегімен каналдың арғы бетінде қалған халыққа азық-түлік жеткізіп, жергілікті халықты тасымалдау жүзеге асырылды.
2022 жылғы 4 сәуірде Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы майор Ж. С. Демешовтың басшылығымен Департаменттің 25 қызметкері Деркөл поселкесіндегі Деркөл өзенінің Шойын көпірінің жанындағы жағалауды бекіту жұмыстарына жұмылдырылды. Нәтижесінде ұзындығы 80 м, биіктігі 50 см болатын, 700 қап құмнан жағалауды бекітті.
2022 жылғы 5 сәуірде Департаменттің 34 қызметкері Деркөл кентіндегі Деркөл өзенінің Автокөлік көпірінің жанындағы жағалауды бекіту жұмыстарына жұмылдырылды. Нәтижесінде ұзындығы 48 м, биіктігі 1,5 м болатын, 1300 қап құмнан жағалауды бекітті.
«Қазавиақұтқару» АҚ күшімен Жақсыбай кентінен Орал қаласына 2 жүкті әйел эвакуацияланып, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.
«МИ-8» тікұшағы Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының еріген су басқан аумақтарын әуе барлауына ұшты.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ, каналдағы су деңгейі төмендеді.
Атырау облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Қоғаммен байланыс тобы