
30 наурызда Психологиялық қызмет тобының және Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қалалық өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлері арасында семинар өткізді.
Іс шараға «Аңсар» АТО теологы Сапар А.Н., полиция департаментінің емханасы бар госпитальдың психиатры Машанова Ш.К., облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Мурзатлеуова Г.Е. қатысты.
Психологиялық-профилактикалық жұмыстармен қатар кадр саясаты басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғау подполковнигі Ш.Сартов пен азаматтық қорғау капитаны И.Мангубасов өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен қызметтік-әскери тәртіпті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әңгімелесу барысында қызметкерлерге 2022 жылдың өткен кезеңінде Ақтөбе облысының аумағында болған азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен болған оқиғалар туралы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары және ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің жұмыс орнында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және қоғамдық орында жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы бұйрықтарының талаптары түсіндірілді.
Аталған бағыттағы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Ақтөбе облысының ТЖД
Психологиялық қызмет тобы