Павлодар облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы және аумақтық бөлімшелердің дайындығы туралы

Павлодар облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы және аумақтық бөлімшелердің дайындығы туралы

Бүгінгі күні Павлодар облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май аудандарында қар жамылғысы жоқ. Қалған аудандарда қар жамылғысы 10%-дан 20%-ға дейін құрайды.

2022 жылдың 6 наурызында жауын-шашынның түсуіне байланысты облыс аумағында қардың қарқынды еруі орын алды. Ауа температурасы күрт төмендеп, әсерінен мұз қабаты пайда болды. 2022 жылдың 31 наурызынан бастап облыс аумағында ауа температурасы көтерілді. Осыған байланысты қалған қар жамылғысы жерге сіңіп кетпей, еріген суы төмен орналасқан елді мекендерге кетті. Бұл туралы баспасөз конференциясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук мәлімдеді.

Сонымен қатар 2022 жылғы 2 сәуірде Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Ж. Жұмашевпен бірлесіп облыс бойынша су тасқыны бар аумақтарды аралап ұшты. Ақтоғай ауданының Шұға ауылында тұрғын үйлер мен аулаларды су басу бойынша барлық қауіп-қатерлер жойылды. ТЖ Департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың барлық күштері мен құралдары жұмыс атқаруда.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев өз сөзінде, Рождественка ауылы-Павлодар облысындағы тұрғын үй зардап шеккен жалғыз елді мекен екенін атап өтті. Елді мекеннің өзі географиялық күрделі рельеф құрылымында орналасқан. Еріген суды бұру үшін өрт сөндіру қызметінің тобы мен жергілікті атқарушы органдар Абай көшесіндегі жолды бұзды. Ауылдың оңтүстік жағынан келген барлық су солтүстік жағына жіберілді. 10 км радиустағы елді мекенге тексеру жүргізілді.

Департаментпен су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар тобы 1000-нан астам адам, 620 бірлік техника, 43 жүзу құралы және 201 мотопомпа дайындалды.

 

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі