
«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының ақпаратына сәйкес, су тасқыны жағдайына әсер ететін көрсеткіштер негізінен орташа мәннен жоғары: қардағы ылғал қоры 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша 79 мм (норма 54 мм), қардың биіктігі 21 см (норма 15 см), топырақтың қатуы 1172 мм, түскен жауын-шашын мөлшері 86,3 мм. (норма 102 мм.). Қостанай облысының аумағын қармен жабу алаңы ағымдағы кезеңде 98% құрайды. Сонымен қатар, сәуірдің бірінші онкүндігінде күндізгі температураның 15 градусқа дейін және түнгі температураның 3 градусқа дейін күрт көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.
Облыстың негізгі су қоймалары 50% толтырылған. Жалпы бос сыйымдылық 678,8 млн. м3 құрайды. Жоғарғы Тобыл су қоймасында 1,1 м3/сек, Қаратомар су қоймасында 3 м3/сек мөлшерінде су ағызылады.
Қостанай облысы әкімдігінің а.ж. 28 қаңтардағы қаулысымен «Қостанай облысында 2022 жылға арналған су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді, ол алдағы су тасқынына барлық дайындық іс-шараларын қамтыды. Осылайша, 17 арна, 910 арық, 2697 автомобиль және 757 теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. Тұрғын үйлерді еріген қар су басуына жол бермеу мақсатында елді мекендерден 915 мың текше метр қар шығарылды.
Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін жергілікті атқарушы органдар 150 тоннадан астам ЖЖМ, 9,7 мың тонна инертті материалдар, 48,5 мың дана қаптар қорын дайындады, зардап шеккен халыққа азық-түлік жеткізуге 75 ниет-шарт жасасты. Су тасқыны кезеңінде зардап шеккен халықты жинайтын 195 пункт анықталды, олар 11,0 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Төтенше резервке және шұғыл шығындарға арналған резервке әкімдіктер 629 млн. теңге салды. 21-31 наурыз аралығында Қарасу, Науырзым, Әулиекөл, Жангелдин, Қамысты аудандарында және Б.Майлин ауданында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Барлығы 15 күрделі өзен учаскелерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны қаупі бар учаскелерді анықтау және жер үсті ағындарының бағытын анықтау мақсатында сәуір айында әуе барлау жүргізіледі.
2022 жылғы 3 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі жоғары әзірлік режиміне ауыстырылды. 1 сәуірден бастап облыстық, қалалық және аудандық су тасқынына қарсы жедел штабтар құрылды. Су тасқыны кезеңіндегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жалпы саны 2649 адам, 1070 бірлік техника, 114 бірлік жүзу құралдары, 272 мотопомпа жұмылдырылады.
Өңірлердегі жағдай шиеленіскен жағдайда жедел әрекет ету үшін ТЖ департаменті екі мобильді топ құрды. Аумақтарды су басуына жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін Қостанай қ. Арқалық қ. тіркемелі және тасымалды мотопомпалармен, қайықтармен және қажетті құрал-саймандармен жарақталған мобильді топтама көшірілді.
Қостанай облысыныңТЖД