Әкесі мұз астына түсіп кеткен қызын құтқарды

Әкесі мұз астына түсіп кеткен қызын құтқарды

3 сәуір күні сағат 16:33-те Семей қаласында Ертіс өзенінің Восточный правый кентінде 1999 және 1998 жылы туған екі қыз бала суретке түспек болып, мұз астына құлап кеткен.

ШҚО ТЖД құтқарушылары оқиға орнына келгенге дейін жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Дегенмен екінші қыз балаға көмектесіп үлгермеді, судан денесін алып шықты.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады. Көктемгі мұз өте қауіпті, құтқарушылардың ұсыныстарына назар аударыңыз және өз өміріңізді қатерге тікпеңіз. Қыс мезгілінде департамент мамандары мұздағы қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі ұстау ережелері бойынша 7000-нан астам нұсқаулық таратты. Ешқандай жағдайда балалардың мұздағы ойындарына жол бермеңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.



ШҚО ТЖД баспасөз қызметі