
Ақтөбе облысының аумағында ауа температурасының +90С -қа дейін күрт көтерілуіне байланысты 30 наурыз және 3 сәуірде даладан еріген қар суының қатты ағуынан елді мекендердің учаскелерін су басу орын алды. Авариялық-құтқару жұмыстары Ақтөбе қаласында, Алға, Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Ойыл аудандарында жүргізілді.
Негізгі күш Ақтөбе қаласы мен Мәртөк ауданында жұмылдырылды.
Өткен тәулікте барлығы авариялық-құтқару жұмыстарына 634 адам және 285 бірлік техника жұмылдырылды: ТЖД – 163 адам және 50 бірлік техника және 8 жүзу құралы, ІІМ – 132 адам, 24 бірлік техника, ЖАО – 329 адам және 211 бірлік техника.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 113 саяжай үйін су басты, 3 сәуірден 4 сәуірге дейінгі тәулік ішінде 57 саяжай үйін су басты. Су тасқыны қаупі бар кезең басталғаннан бері 259 адам эвакуацияланды, оның ішінде 114 бала, өткен тәулікте 182 адам эвакуацияланды, оның ішінде 97 бала.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері мектептерде 161 адам, оның ішінде 86 бала орналастырылды. Адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Туыстарына 117 адам, оның ішінде 58 бала жіберілді.
4 сәуір күні 132 адам, оның ішінде 76 бала эвакапункттерде.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 216 мың текше метрден астам су сорылды, 11 мың қап төселді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі